Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысындағы зейнеткер жасөспірімдерді азғындық жолға түсірді деп айыпталуда

Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінде балаларды азғындық жолға түсірді деген күдікпен Қаратал ауданының егде тұрғыны ұсталғанын хабарлады.

8814326

34 жастағы әйел 1948 жылы туған күйеуінің үстінен шағым жазған соң, сотқа дейінгі тергеу ісі басталған. Әйел өзінің азаматтық некедегі күйеуін мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектепте оқитын 8 және 12 жастағы қыздарын азғындыққа итермеледі деп айыптады.

«Қазір ҚР ҚК 124-бабы «Балаларды азғындық жолға түсіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған күдікті балалардың анасы таққан айыпты мойындаған жоқ. Бұл мәселеде сараптамалардың нәтижесінен кейін шешім қабылданады», – деді Қаратал полиция бөлімінің басшысы Манат Махатов.

ІІД баспасөз қызметі аталған факті бойынша тергеу жұмыстары облыстық полиция департаментінің бақылауында екенін атап өтті.

Талқылау