Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысындағы ұшақ апаты: Ұшқыштың мас күйінде болғаны анықталды

“Казавиа” компаниясы қауіпсіздік ережесін бұзғаны үшін лицензиясынан айырылды.

Алматы облысында Як-12 ұшағы апатқа ұшыраған соң компания жұмысы тоқтады. Командирі мас күйінде болғанын анықталды.

Инвестициялар және даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті “НАК “Казавиа” ЖШС-нің 25 тамыздан бастап  жұмысын тоқтатты.

25 тамызға дейін компания қызметкерлері мен салық органдарына қарыздарын өтейді.

27 шілде күні Алматы облысының Панфилов ауданында Як-12 ұшағы апатқа ұшырады. Апаттан екі адам мерт болды.

Ұшақтың рұқсат қағазы мен куәлігі, құжаттары болған.

Талқылау