Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысындағы мектепте «Библия» діни кітабын таратқан. Оларды балаларға кім беріп жүр

Бүгін Алматы қаласында баспасөз мәслихатын өткізген қоғам белсенділері діни кітаптардың еркін таратылып жүргенін айтып, дабыл қағуда. Олардың бұлай дүрлігу себебі Алматы облысына қарасты Еңбекшіқазақ ауданындағы Қырбалтабай ауылындағы жағдай болып тұр. Айтуларынша, ауылдағы мектеп жанындағы интернатқа қайырымдылық көмек көрсетушілер балаларға түрлі сыйлықтармен бірге Інжіл кітабын және діни ақпараттар жазылған кітапшалар ұстатып жіберген екен, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Алматы облысындағы мектепте «Библия» діни кітабын таратқан. Оларды балаларға кім беріп жүр

Ал мектептерге діни кітаптар таратылмауы керек емес пе? Осылай деген қоғам белсендісі Гөзел Құлжабаева мектепте «Библия» таратылғанын кездейсоқ байқап қалған. Ол бұл діни кітаптарды таныстарының үйіне барғанда көргенін айтады. Сөйтсе, ол кітаптар мектеп-интернат оқушыларына берілген сыйлықпен бірге келген екен.

«Ішінде бір шұлығы бар, қораптың ішіне салынған сыйлық берген. Онда діни ағымдағы нәрселер жазылған. Онымен қоса, ішінде мынадай брошюркалар бар. Ол да дінге қатысты материалдар»,- дейді қоғам белсендісі Гөзел Құлжабаева.

Қоғам белсенді айтып отырған бұл оқиға Қырбалтабай ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептің жанындағы интернатта болған. Кейіннен оқушыларға сыйлық жасаған ұйым да анықталды. Ол сол мектеп-интернатқа 22 жыл бойы көмек көрсетіп, қайырымдылық жасап жүрген «Қазақ-Герман-Американдық библия миссиясы» атты қоғамдық бірлестік екен. Алайда, олар оқушыларға тек сыйлық бергендерін ғана айтады. Ешқашан діни кітап немесе заттар берген емеспіз дейді.

«Бұл жолы балаларды жаңа жылмен және Рождество мерекесімен құттықтап барып, сыйлықтарын үлестірдік. Оларға тәттілер, қыстық жылы киім және ойышықтар сыйға тарттық. Ал «Библия» баланың қолына кездейсоқ түсіп отыр. Кітап әрине, бізге тиесілі, бірақ біз оны ешқашан таратқан емеспіз»,- дейді «Қазақ-Герман-Американдық библия миссиясы» ҚБ президенті Алексей Лубошников.

Ал мектеп басшылығы болса бұл іске еш қатысы жоқ екендерін мәлімдеп, ат тондарын ала қашты. Олар  бұл жағдайға интернат меңгерушісінің жауап беруі тиіс екенін айтады.

«Ол жағдай мектепте емес, мектеп жанындағы интернатта болып отыр. Интернат бізге қарағанымен, оның өз меңгерушісі бар ғой»,- деді Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп директорының міндетін атқарушы Самал Өскенбаева.

Алайда Гөзел Құлжабаева интернат оқушыларымен кездескенде балалар діни кітап таратылғанын растады дейді. Тіпті, түсіріп алынған бейнекөрініс те бар екен. Онда балалар «Библия» таратылды деп айтып жатады. Ал мектеп қабылғасында діни кітаптар таратылмауы тиіс екенін алға тартқан Гөзел Құлжабаеваның сөзіне сүйенсек, ата-аналар бұл оқиғаның мән-жайын білсе де, мектеп тарапынан қысым жасалуы мүмкін деп алаңдайды екен.

«Кейін ата-аналар өзі хабарласып, жағдайды айтып берді. Менде жазбасы да бар. Сол жерде 120 баладан түсініктеме алынған. Өйткені, ата-аналар балаларымызды интернатқа алмай қояды, сол себептен біз қол қойдық дейді»,- деп мәлімдеді Гөзел Құлжабаева.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау