Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында қылмысты анықтауға келген полицей үй иесінің ақшасын ұрлаған

Бүгін, 19 тамыз күні Іле аудандық полиция бөлімшесінде жеке құрамның толықтай қатысуымен соттың көшпелі отырысы өтті. Айыпталушы – ІІАБ-ның бұрынғы қызметкері.

полиция-қызметкері
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қылмыстық істің құжаттарына сәйкес, азамат Арман К. былтырғы жылдың наурыз айында оперативті тергеу группасымен бірге зорлау қылмыстық фактісі бойынша оқиға орнына аттанған. Айыпталушы оқиға орнынан ішінде 1800 доллар және 65 мың теңге көлемінде қаражаты бар әмиянды тапқан. Алайда ол туралы хаттамада атап көрсетпеген. Бұл әрекетін жасыру үшін тергеуші оқиғада жоқ адамдарды іске араластырған.

Сот отырысында зардап шегуші айыпталушының ақшаны қайтарғандығын мәлім етіп, оны түрмеге қамамауды өтінді.

Соттың шешімімен Арман К. ҚР Қылмыстық кодексінің “Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану» атты 361 бабы және «Дәлелдемелерді және жедел-іздестіру материалдарын бұрмалау» 416 бабы бойынша кінәлі деп танылды. Ол үш жылға бас бостандығынан айырылды. Мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметке алынбау туралы үкім шығарылды.

Әзірге үкім заңдық күшіне енген жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Қостанайда полиция майоры ұйымдасқан қылмыстық топқа қамқорлық жасап келген

Полиция жұрт алдында өзіне қол жұмсамақ болған Атыраулықтың әрекетін түсіндірді

Оралда жергілікті полиция қызметінің басшысы алаяқтығы үшін айыпталып отыр

Атырауда экс-полицей өзін қылмысқа әріптестерінің қалай итермелегенін айтты

Талқылау