Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жол ережесін бұзған қыз дөкей “көкесі” бар екенін айтып қорқытты (видео)

Алматы облысында жол-көлік оқиғасы қатысушыларының бірі өзін “әкімдік қызметкерімін” деп таныстырып, сондай-ақ, дөкей “көкесі” бар екенін айтып қарсылық танытады.

енен

Бұл туралы patrul.kz хабарлайды.

Ол өзін Алматы облысындағы әкімдік қызметкерімін деп таныстырған. Аудан әкімі аппаратының жетекшісі Ахмет Ашимахун бірден тексеріс жүргізіп, қызметкерлердің арасынан ондай адамды таппаған. Ақыры полиция қызметкерлері қызды полиция бөлімшесіне алып келіп, мән-жайды асықпай түсіндіріп берулерін сұрайды. Сол кезде қыз жігітің жылдамдықты қатты асырып қатарынан үш апатқа ұшырауынан қорқып қалғанын, сондықтан абдырап әрнені айтқанын мойындапты. Әрине, оның бейәдеп сөйлеуіне қанындағы алкогольде елеулі әсер еткен сияқты.

Белгілі болғандай 23 жастағы Салтана Талғар қаласында тұрады. Көпбалалы отбасының мүшесі, анасы педагог болып істейді. Қыздың айтуынша, ол бірер жыл бұрын Талғар әкімдігінде жұмыс істеп, содан кейін жеке қаржылық мекемеге ауысып кетіпті. Бұдан кейін мемлекеттік қызметтің қарасын да көрмеген.

Ақырында қыз көз жасына ерік беріп, өз қылығымен барлық мемлекеттік қызметкерлерге күйе жаққаны үшін кешірім сұрады.

Оқи отырыңыз:

Жолдасынан ерекше махр сұраған қалыңдық жұртты тамсандырды

27 жастағы келіншек Омбының “cупер келіні” атанды (фото)

Еліміздің 8 облысында үсік жүреді

“ЭКСПО-2017”-ның миллионыншы билетінің иесі: Астанадан хабарласқанда, әзіл деп ойладым

Талқылау