Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жол апатынан он адам ажал құшты

Жол-көлік оқиғасы 6 желтоқсанда кешкі сағат 6-дан кейін Жамбыл ауданы «Алматы-Ақтерек-Алға» тас жолында «Мереседес бенс» пен «Тойота виндом» көліктерінің соқтығысуы салдарынан орын алды.

жедел жардем

Екі көлікте де бес-бестен адам болған. Апат салдарынын олардың барлығы көз жұмды.

Аталған факті бойынша сот алды тергеу басталды. Алматы облысы ІІД Тергеу басқармасы қажетті сараптама тағайындады.

Алдын ала болжам бойынша «Мерседес бенц» көлігінің 23 жастағы жүргізушісі тізгінді игере алмай қарсы бетке шығып кеткен. Нәтижесінде ҚР үш аймағынан 20-28 жас аралығындағы 10 азамат қаза болды.

Он адамның ішінде Шығыс-Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының тұрғындары болған. Қайғылы жағдай кезінде соқтығысқан екі көліктен де бір де бір жолаушы тірі қалмаған. Жол полициясының болжамы бойынша олардың ішінде ең жасы 20 жастағы қы болған.

«Болған оқиға бойынша сот алды тергеу-тексеру жұмыстары басталып кетті. ҚР ҚК 345 бабы бойынша іс қаралатын болады. Қазір сот- медициналы, автотехникалық экспертиза тағайындалу үстінде»,- дейді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Талқылау