Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жоғалып кеткен ресейлік екі турист төрт күннен кейін аман-есен табылды

Алматы облысында жоғалып кеткен ресейлік екі турист төрт күннен кейін аман есен табылды. Елуге жуық құтқарушы, жеті техника және бір тікұшақпен іздеген саяхатшыларды бүгін түскі екілер шамасында тапқан.

мвмв

Сурет radiotochka.kz

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ресейден келген саяхатшылардың жалпы құрамында 11 адам болған. Олар Көксу өзенінің арнасымен жүріп Сатылы асуына көтерілуді мақсат еткен. Солардың ішінен: бірі жиырмадан, екіншісі қырықтан асқан екі әйел адасып кетіп, төрт күн бойы дәм татпай, тау ішін паналап жүріпті. Екі азаматша өздерін жайсыз сезініп, кері қайтпақ болған кезінде адасқан. 6 мамыр күні жоғалған туристер жөнінде хабар облыстық Төтенше жағдайлар Департаментіне тек 10 мамыр күні түнгі сағат 22:40 түскен.

“Құтқарушыларға айтар алғысымыз шексіз. Бастапқыда жанымыздан ұшып өткенде, үмітіміз үзілген болатын. Бірақ олар қайтып келді” – дейді саяхатшы Инна Яковлева.

Талқылау