Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жоғалып кеткен оқушы қыз жалдамалы пәтерден табылды

10 қаңтардан бері Алматы облысында жоғалып кеткен оқушы қыз жалдамалы пәтерден табылды.  Қазір 16 жастағы қыз ата-анасына оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

65956cf949b310a2440675e4bec4c289

Оқушы қыздың жоғалғаны жөнінде арыз 10 қаңтар күні түскен. Қыздың ата-анасы Көксу аудандық ІІБ жүгінген. Артынша жедел ұйымдастыру  шарасы ұйымдастырылып, қыз аман-есен табылды.

Қыздың Талдықорған қаласындағы жалдамалы пәтердің бірінде болғаны белгілі болды. Ол өзінің сүйіктісіне қашып кеткен. Облыстық ІІД қызметінің мәліметінше, жасөспірім қыздың жағдайы жақсы. Ол аман-есен ата-анасына жеткізілді.

Жіберіп алмаңыз:

Бурабайда казино қызметкерін басынан ұрып, ұялы телефонын тартып алған

Атырауда “QazaqAir” пилоттары ішімдік ішіп алып ұшпақшы болған

Депутат тіркеу орнында көз жұмған ер адам жайлы: Ол осындай күйімен үйінде де қайтыс болуы мүмкін еді

Семейде полицей өзіне қол жұмсамақ болған оқушы қызды құтқарып қалды

Талқылау