Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жақындары жоғалып кеткен баланы әлдекімдер ұстап отыр деп күдіктенеді

Алматы облысында 7 жасар 4 күннен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Ауыл тұрғындары баланы жаппай іздеп жатыр. Баланың аяқ киімінің бір сыңары ғана табылған. Жақындары баланы әлдекімдер қинап ұстап отыр деп күдіктелуде.

«Тауға шықпаған өмірі.  Қызығып ілесіп кеткен ғой. Сол жоғары жаққа тамақ апарып бермекші болған малшыларға.   Өзі қорқақ. Ит түгілі құстан қорқады ол. Білмеймін, ол тауда не істеп жатқанын? Қыратқа 7 жасар жеткіншекпен қоса 4 ұл көтерілген», – дейді анасы Ләззат Шалабаева.

Ынтымақ ауылының тұрғындары жоғалған баланы қыраттардан іздеп көрді. Анасы оны туыстарына жіберген.

Олар бірнеше бала болып тауға шыққанда мал бағушының бірі пышақпен қорқытқан. Балалардың бәрі жан-жаққа қаша жөнелген.

«Пышақпен қорқытып қуалады. Айдос деген бала екеуміз қазақ үйдің ішінде болдық.  Сол кезде Ебалам да қазақ үйдің артынан сай жаққа қашып кетті», – дейді Елжан Шолпан.

«Күндіз техникалардың өзі қиналып өтіп жатыр жолдармен. Жергілікті таулы мекен болғандықтан және де өсімдік пен қурайлар өте биік болғандықтан қиыншылық туғызып жатыр», – дейді Жамбыл ауданы төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы Айбек Жанаев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау