Алматы облысында жоғалған қыздың туыстары көпшіліктен көмек сұрайды

Дүйсенбі, 7 Желтоқсан , 2015 12:21

Туысқандары 20 жастағы студент Айзада Авлатарованы біреулер зорлықпен ұстап отырғанына сенімді. Туысқандары қыздың қайда кеткенін анықтау үшін бақсы-балгерлердің көмегіне де жүгінген.

жоғалған қыз

«Қазір бірнеше балгер қызды біреулер ұстап отырғанын айтып отыр. Іштей біз де оның тірі екендігіне сенімдіміз. Жетіген ауылына жақын елді мекендер Жаңа арна, Жаңалық ауылдарын еріктілер тінтіп жатыр. ІІБ қызметкерлері оның телефоны арқылы қайда екендігін анықтауға тырысуда. Егер қылмыскерлер оқитын болса, +7 708 926 34 17, +7708 527 75 11 телефондарына хабарласуларын сұраймыз. Оны әкеп берсеңіздер, сіздерді кешіреміз», – деді бойжеткеннің әпкесі Гүлзара Зарелова.

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір облыстық жедел іздестіру тобының барлық күштері қызды іздеуге жұмылдырылған. Алайда әзірге еш нәтиже жоқ. Ал туыстары көрген-білгендерден ақпарат берулерін сұрайды.

Айта кету керек, 20 жасар бойжеткен 3 желтоқсанда Жетіген ауылындағы үйінен Өтеген батыр ауылындағы колледжге барамын деп шығып кеткен. Соңғы рет құрбысына телефон шалып, таксистің Қапшағай жаққа алып бара жатқанын хабарлаған. Содан із-түзсіз жоқ.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар