Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ЖКО жәбірленуші мүгедек болып қалғанымен күдікті еркіндікте

Талдықорғандық Берік Байгутинов қалалық Ішкі Істер Басқармасының жұмысына көңілі толмайды. Айтуынша, жол көлік апатынан зардап шегіп, мүгедек болып қалса да, қаққан көліктің иесі кешірім де сұрап келмеген. Ал Берік Байгутинов жазықтылар жазасынан құтылып, іс жабулы күйінде қалады ма деп қорқады.

Жәбірленуші

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

2015 жыл. Қазан айының тоғызынан онына қараған түн. Түнгі сағат он екі жарымдар шамасы. Берік Байгутинов жолдасын жұмысынан алып кету мақсатында осы мейрамхананың алдында, автокөлігінің жанында күтіп тұрады.

Дәл осы сәтте Жамбыл Жабаев көшесінде көлік апаты болады. Соқтығысқан екі автокөліктің соққысы қатты болғаны соншалық мейрамхана алдында тұрған үш көлікті жылжытып, далада тұрған Берікті көліктер қысып тастаған. Есінен таңған Берік Байгутиновты ауыр хәлде ауруханаға жеткізген.

«Үш машинаның ортасында зажимает. Машинаны алғанда мен без сознания упал. По ходу следствие я понял Тойота и Авенсис виноват. И не могут определить. Не розборчива, не понятно уголовное дело собрано»,-дейді жәбірленуші Берік Байгутинов.

«Сол күні уголовный дело басталды деп айтты. Бірақ бір ай бойы дознаватель келген жоқ. 4 ноябрьде прокуратураға заявление жаздым, неге УВД дан адамдар келмейді деп. Содан кейін ғана 6 ноябрьде келді. Папамнан заявление алды. Сонда бір ай бойы вообще келген жоқ. Дознаватель Сейітжан Данияр деген кісі»,- дейді жәбірленушінің қызы Ботагөз Айтқалиева.

Он екі мүшесі сау болған Берік Байгутинов осылайша бірақ күнде мүгедек болып қалдым дейді. Жамбас сүйегі сынып, бірнеше жеріне қатты зақым алғанын айтады. Жақында ғана операциядан шыққан. Дені сау азамат осылайша төрт қабырғаға қамалып қалдым деп қынжылады. Келесі айда құжаттарын мүгедектікке рәсімдейтін болады. Ал көлікпен қаққан жігіттер бірде-бір рет қал-жағдайын сұрап келмеген екен.

«Бұл іс Талдықорған қаласының ІІБ анықтау бөлімінің өндірісінде. Қазіргі уақытта зардап шегушіге келген дене жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот медициналық сараптама тағайындалды. Қосымша автотехникалық сараптама тағайындалды. Осы сараптама нәтижесіне сәйкес тиісті шешім қабылданатын болады»,-днйді Алматы облысы ІІД баспасөз хатшысы Жанар Төлегенқызы.
Зардап шеккен тараптың айтуынша алғашқыда кінәлі деп танылған көлік иесі кәнісізбін деп қайта сараптама жасауды талап еткен көрінеді. Осылайша олар өз істерінен құтылып, жауапты адам жазаланбай қалады ма деп секем алуда. Алайда Берік Байгутинов тек моральдық шығынымды және көлігімді толықтай қалпына келтіріп берсе, кешірімімді беремін деп отыр.

Талқылау