Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жігіт анасы мен көшедегі екі адамды пышақпен жарақаттады

 Облыстық ауруханаға екі еркек пен әйел кісі пышақ жарақатын алып түскен. Әйел   үш адамды да жарақаттаған өзінің 24 жастағы баласы екенін айтқан.

қылмыссссс

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары жазады.

Алматы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі үш адамды пышақпен жарақаттаған 24 жастағы  Үштөбе тұрғынының ұсталғанын хабарлайды.

Берілген ақпараттағы мәлімет бойынша  Қаратал ауданына қарасты Үштөбе қаласындағы оқиға 30 мамыр күні  болған.

«Қылмыс анасы мен ұлының арасындағы ұрыс соңында болған. Айқайлаған әйелге көшеден өтіп баражатқан екі кісі көмектеспекші болып үйге кіреді. Жігіт олардың үшеуін де пышақпен  жарақаттап, белгісіз бағытқа қарай қашып кетеді»,- делінген облыстық ІІД хатында.

Полиция қызметкерлері күдіктіні үйіне жақын маңнан тауып алған. Қазір 24 жастағы жігіт уақытша тергеу абақтысына жайғастырылған.

«Пышақ жарақатын алған екі азамат медициналық алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілген. Үшінші адам ауруханада дәрігерлердің қарауымен отыр. Болған жайт  ҚР ҚК 106 бабына сай  «Адам денсаулығына қасақана зиян келтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалған»,-дейді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

 

 

Талқылау