Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жетім балалардың мүлкіне қол салғандар әшкереленді

Қамқоршы боламыз деп құжат рәсімдеп, кейін қарамағындағы жәудіркөздердің дүниесіне қызыққандарды Алматы облыстық прокуратура қызметкерлері анықтады.

maxresdefault

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Мәселен Талғар ауданында осындай 11 факт тіркелсе, оның бес жағдайында мүлікті сатып жіберген. Ал Текелі қаласында қамқоршылар екі баланың мүлкін жалға беріп, 350 мың теңге табыс тапқан. Құзырлы орган түскен қаржыны балаларға қайта өндіріп бермек.

Ал әділетсіздікке жол бергендер әкімшілік жауапқа тартылатын болады. Прокурорлар жетімдер мәселен бақылауды ары қарай да жалғастырмақ.

“Райымбек ауданында жетімдерге емес, олардың қамқоршыларына заңсыз тұрғын үй беру фактілері анықталды. Прокуратураның дереу кезінде қабылданған наразылықтар нәтижесінде бұл тұрғын үйлер олардың қамқоршыларынан тартылып қайтадан заңды түрде жетімдерге беру мәселесі аяқталды”, – деді Алматы облыстық прокуратурасы басқарма басшысының орынбасары Ерік Асанов.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте перзентхана қызметкерлері шетінеген шақалақтың ата-анасына басқа баланың мүрдесін беріп жіберген

Елімізде терроризм туралы ақпарат айтқан адамға 2 млн теңге төленеді

Астанада аялдамаға «Қазақтарды итше өлтіру керек» деп жазып кеткендер жұрттың ашуын келтірді

Қайтыс болған адамның зейнетақы қоры мұрагерлікке кімге және қалай беріледі?

Талқылау