Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жас жігіт полицей болып киініп, жұртты алдаған

Ер адам әлеуметтік желіде полицей киімін киіп түскен суреттерін жариялап, қыздардың сеніміне кірген.

Алаяқтық туралы шағымды полицияға жас әйел түсірген екен.

Оның айтуынша, полиция қызметкері болып танысқан ер адаммен осы айдың басында әлеуметтік желі арқылы араласа бастапты.

 

Полицейсымақ анам ауыр дертке шалдыққан, емделуіне көп қаражат кетеді деп алдаған.

“Сенімге кіріп алған ер адам алдап-сулап, 1 миллион 86 мың теңге иемденіп кеткен. Кейін, арыз берушінің айтуынша, қоңырауға жауап бермей қойыпты”, — деп хабарлады полиция.

“Әуелі күдіктінің кім екенін анықтадық. Әлеуметтік желідегі парақшасына жалған деректер жазыпты. Бұл адамның ішкі істер органдарына, басқа да құқық қорғау құрылымдарына қатысы жоқ. Күдіктінің кім екенін анықтап, ұстау еш қиындық туғызбады.

Қазіргі уақытта ұсталған 23 жастағы азамат алаяқтық бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Ер адам кінәсін бірден мойындап, ақшаны өз қажетіне жұмсағанын айтқан.

Оқи отырыңыз:

Қайрат Түнтеков: Жол апатына қатысты сот процесі әлі жалғасуда

Ернар Айдар: Аурухана төсегінде  барлық қателерім есіме түсіп, күні бойы жыладым

700-ден астам өзге ұлт өкілі Қазақстан азаматтығын алмақ

Алматыда букмекерлік кеңсе ұтыс ұтқан клиентіне 62 млн теңге төлейтін болды

Павлодарда мұғалім оқушының алтын бұйымдарын алдап алып қойған

 

 

Талқылау