Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жас қызды желіде танысқан азамат зорлап кетті

Алматы облысының тұрғыны  жас қызбен әлеуметтік желі арқылы, есімін өзгертіп  танысқан. Алғаш кездескен сәтте азамат қызды бейіт басына апарып зорлап кеткен.Ізін жасырған күдіктіні  полиция сол сәтте-ақ тауып алған.

күдікті

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары жазды.

27 шілде күні  Алматы қаласының 19 жасар тұрғыны полицияға хабарласып, Талғарға жақын маңдағы Талдыбұлақ жерінде өзін белгісіз азаматтың зорлап кеткенін хабарлаған.

«Тексеру кезінде анық болғандай күдікті өз құрбанын іздеу барысында танымал желіні пайдаланған. Оның қызбен өтірік есім айтып танысқаны да анықталды. Қылмысты жасап болғаннан кейін ол номері мен телефондағы адресін өшіріп тастаған»,- делінген Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі жіберген хатта.

Қылмыскер өзінің суреті мен желідегі жазасын қыздың телефонынан да өшіріп тастаған.

«Қыз өзін зорлаған адамды жақсылап суреттеп берді. Үш тәулік ішінде ол адамның кім екенін анықтадық. Ол 36 жастағы ауыл тұрғыны болып шықты»,-делінген ІІД қызметі жолдаған хатта.

Қазір күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Талғар АІІБ қаз зорлау бабы бойынша қылмыстық іс қаралып жатыр.

 

Талқылау