Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жас қыз аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін айыпталды

Алматы облысында аса ауыр қылмыс туралы хабарламаған 21 жастағы қызға қатысты қылмыстық тергеу басталды. Бұл туралы Алматы облысы ішкі істер департаменті хабарлады.

Фото: Richard Drew

Қылмыс туралы айтпағаны үшін қызға айыппұл салынуы мүмкін. Немесе  алты жылға бас бостандығын айыру жазасы қолданылады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, күзде Текеліде қоқыс арасынан мәйіті табылған 30 жастағы ер адамның өліміне қатысты тергеу барысында бойжеткен қылмыстық қудалауға ұшырады.

“Текеліде кісі өлтірді деген күдікпен 26 жастағы тұрғын ұсталды. Тергеу барысында, ұсталған қыздың сөздерінен жігіттің автокөлік ұрлап, заңсыз суық қару сақтағаны белгілі болды. Осы қылмыстың куәгері болып, ізін жасыруға көмектескен қызға қатысты ҚР ҚК 434-бабына “Қылмыс туралы хабарламау” сәйкес қылмыстық іс қозғалды”, — деді полиция өкілі.

Тағы оқыңыз:

Маңғыстауда дәрігерлер қыздың асқазанынан 30 см шаш түйінін шығарып алды

Түн ортасында елді дүрліктірген пакет бомба емес киімдер болып шықты

Бостандықта нәпақа таба алмаған ақтөбелік әйел түрмеге қайта отыру үшін бомба туралы жалған айтқан

Талқылау