Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жаңа туған сәбиін сатпақ болған анасы сот алдында жауап берді

Алматы облыстық сотында жаңа туған сәбиді сатпақ болғандар сотталуда. Сәбидің 20 жастағы анасы өз баласын сатпақ болды деп айыпталып жатыр. Сонымен қатар Қаскелеңдегі орталық аурухананың дәрігері, санитары мен  нәрестені сатып алмақ болған адам да сот алдына келді, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Алматы облысында жаңа туған сәбиін сатпақ болған анасы сот алдында жауап берді

Сот отырысына баласын сатпақ болған ананы арнайы жасақ алып келді. Ал қалған фигуранттар залдан орын алды. Олар кепіл төлеп, қазіргі уақытта үй қамағында отыр. Күдіктілер кәмелет жасқа толмаған баланы сатпақ болды деп айыпталуда. Сот процесі жабық тәртіпте өтіп жатыр.

Еске сала кетсек, оқиға маусым айында орын алған еді. Жаңа туған сәбиді сатпақ болған медицина қызметкерлері ауруханада ұсталды. Артынша бұл жайтқа сәбидің анасының да қатыс  бары анықталды. Нәрестенің әжесінің сөзінше, олар баланы сатуды жоспарламаған. Тек қаржы жағынан қысылғандықтан, жақса адамдарға бергісі келгенін айтып ақталған-ды.

Қазіргі уақытта сәби балалар үйіне орналастырылған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау