Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жаңа босанған әйелдерді қыстың қақаған суығында перзентханадан қуып шыққан

Алматы облысында жаңа босанған әйелдер перзентхананың ішінде емес, сыртында жүр. Босана салып, тіпті кейбірі кесір тілігімен дүниеге бала әкелген келіншектерді ауырып тұрғанына қарамастан, аурухана ауласына шығарып тастаған.

чм

Сурет youtube.com

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Осылайша жас босанған аналар ақпанның қара суығында бүрсеңдеп, денсаулықтарын далада тексертіп жүр. Келіншектердің көбісі кесір тілігімен босанып, денесінің ауырсынғандарын баса алмағандар. Сол күйі көлікке әупірімдеп мініп мініп жатыр. Дәл осындай күйде, перзентханадағы киімдерімен далаға шығарылған келіншектердің саны он шақты.

“Біз айттық, неге біз мына түрімізбен далаға шығамыз деп. Өйткені, кейбіреуінде киім жоқ. Кейбіреуі үйінен киім алдырып киді. Көрдіңіздер ғой. После операций, кесеровадан соң, трубкамен барғандар жылап тұр”, – дейді жаңа босанған келіншек Мархабат Умешова.

Жаңа босанған келіншек Мархабат Умешова, өздерінің далада шамамен бір шақырымдай жаяу жүріп барып, көк көліктің ішінде тексерілгендерін айтады. Бірақ, журналистерге сұхбат беруден бас тартқан Қарасай аудандық перзентханасының қызметкерлері, флюрографияға түсіретін көлікті перзентхананың есігінің алдына әкелдік, – дейді. Және бұл облыстан келген бұйрық дейді.

Бұл мәселеге қатысты сұхбатты да перзентхананың бас дәрігерімен тілдескен өкілі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы береді деді. Ал, облыстағылар болса, өздері туындатқан мәселеге қатысты медициналық мекеме өздері берсін, деп тілдесуден бас тартты.

Жаңа босанған әйелдер перзентханадан шыққаннан кейін бұл мәселеге байланысты қандай да бір құзырлы органға шағымдануға шамамыз жоқ дейді. Өйткені, жаңа туған нәрестеден өзге олардың өздеріне де күтім қажет. Бірақ етек-жеңімізді жиып алғаннан кейін, Қарасай аудандық прокуратурасына шағымдануымыз әбден мүмкін дейді. Өйткені, қазір тиген суықтың кейін сыр беруі мүмкін деген пікірде.

Талқылау