Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жалғызбасты ана Шелек ауруханасының жағдайын жариялағаны үшін жазаға тартылған

Алматы облысындағы Шелек ауруханасының адам шошырлық жағдайын айтамын деп басы бәлеге қалған жалғызбасты ана Сания Рахматулина айыппұл төлеуге мәжбүр. Ол аурухана проблемаларын ғаламторға шығарғаны үшін қудаланғанын айтты.

Алматы облысында жалғызбасты ана Шелек ауруханасының жағдайын жариялағаны үшін жазаға тартылған

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Екінші топ мүгедегі Сания Рахматулина дәрігерді балағаттады деп айыпталып, үстінен қылмыстық іс қозғалыпты. Нәтижесінде оған  1 миллион 100 мың теңге көлемінде айыппұл салыныпты.

«ҚР ҚК 130-бабы (Жала жабу) мен 131-бабы (Қорлау) бойынша үкім шығарылды. Менің зейнетақымнан ақша алып отырады. Яғни зейнетақы – мен үшін жалғыз табыс көзі. Мені мүгедек қылғаны аздай, оған қоса зейнетақымды алып отыр. Мен – жалғызбасты анамын. Аурухананың жеткен жағдайы сонша, мүгедектердің зейнетақысын тартып алуда», – дейді Шелек ауылының тұрғыны Сания Рахматулина.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Шелек ауруханасының адам шошырлық жай-күйі туралы «Алматы қаласының даму орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары жазған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау