Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жалған ақша жасағандар ұсталды

Жалған ақша жасап, байымақ болған. Алматы облысында 5 және 10 мың теңгелік купюраларды қолдан жасаған қылмыстық топ қолға түсті, – деп хабарлайды КТК арнасы.

DB14E6C0-624E-4272-8643-82DB768EC0E0_w1023_r1_s

Фото: Радио Азаттык

Топ болып жүрген мына жігіттердің көлігінен ұсталған сәтте 170 мың теңге шықты. Одан бөлек, А4 форматты қағазға басылған, бірақ әлі қиылып үлгермеген ақша үлгілері табылды. Белгілі болғаны, қылмыстық топ бума-бума жалған ақшаларды жасап алып, онысын шағын дүкендер мен сауда орындарында, сондай-ақ жол бойындағы саудагерлерге өткізіп отырыпты. Олардың осыған дейін қанша қаражатты нарыққа енгізіп үлгергені әзірге белгісіз. Қазір оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жалпы, мұндай қылмыс үшін ең арысы 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

“Бұл азаматтар жалған ақшаны Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан астыртын цехта дайындаған. Дайындау үшін олар компьютер, түрлі-түсті принтер және арнайы ақша шығаруға арналған қағаздар арқылы жалған ақшалар жасап отырған”, – дейді Алматы облысы мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметінің өкілі Жақсылық Мырзахан.


Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте Шанхай-Тауэр және Шымкент-Тауэр деп аталатын екі көкпен таласқан зәулім үй салынбақ

Астанада шетелдіктен 40 мың теңге алған таксист ақшаны қайтарып берді

Қытай қазақтары “қысым көріп жатқандарын” айтады

Азан даусына шағымданған астаналықтарға министрлік жауап берді

Талқылау