Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жақсы өтетін сусындар қолдан жасалып сатылған

Алматы облысында заңсыз жолмен спирттік ішімдіктер, энергетикалық және газдалған сусындар шығарып келген азамат ұсталды. Ол қолдан жасалған тауарларды қала мен облыста орналасқан бірнеше дүкенде сатқан. Енді бұл әрекет үшін дүкен иелері де жауапқа тартылмақ.

сок

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Алматы қаласы, Жетісу ауданынан табылған жертөледегі жасырын цехтан үлкен көлемдегі Dіzzy сусыны мен Coca-cola табылған. Краннан аққан суға түрлі дәмдеуіштер мен газ қосып дайындалған, ешқандай талапқа сай келмейтін сусындар түгел тәркіленді. Айыбын толық мойындаған азамат жасырын түрдегі сауданы 1 жыл бойы жүргізген екен. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ал заңға қайшы әрекеті үшін айыптыға 100 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады.

«Осы жұмысты ұйымдастырып, Алматы және Алматы облысы бойынша дүкендерге сатуға өзі қойған. бірақ жалпы заңсыз, астыртын цех ішінде жұмыс істеген адамдар Өзбекстан азаматтары»,-дейді Алматы облысы бойынша МКД басшысының орынбасары Дәулет Ақылбеков.

Талқылау