Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында эстремистік деп танылған ұйымның мүшелері сотталды

Алматы облысында эстремистік деп танылған ұйымның мүшелері сотталды. Екі азамат Қазақстан аумағында тыйым салынған «Таблиғи жамағат» ұйымында мүшелікте болып, облыс аумағында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген деп айыпталған болатын. Сотталғандардың бірі бұған дейін «Нұр Отан» партиясының экс-белсендісі, Алматы облысындағы этно-мәдени орталықтың бірінің төрағасы болған Ваха Сурхаев. Бір іспен екінші қайтара айыпталып отырған лауазымды тұлғаға қатысты жүріп жатқан сот тыңдалымдары көпшіліктің назарын аударған еді.

be44bedc8a2f068e6343d56452fd4574_XL

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

 
Айыпталушы орындығында Естай Джакаев пен Ваха Сурхаев. Екіншісі осыдан бірер жыл бұрын дәл осындай әрекеті үшін істі болған. Ол кезде «Нұр Отан» партиясының экс-белсендісі, Алматы облысындағы этно-мәдени орталықтың бірінің төрағасы болған Ваха Сурхаев таблиғи жамағат ұйымын қаржыландырып, түрлі үгіт материалдарын таратты деп айыпталған. Алайда дәлелдер аз болып, айыпталушы ақталып шыққан еді.

«Экстремистік ұйым деп танылып, қызметіне тыйым салынған «Таблиғи жамағат» діни бірлестігінің қызметін жүргізгеніне қатысқаны үшін кінәлі деп танылып Сурхаев, ал екінші азамат Джакаев осы діни бірлестік экстремистік ұйымға қатысқаны және жүргізгені үшін кінәлі деп танылып отыр»,- дейді Алакөл аудандық сотының төрағасы Шалқар Талданбаев.

«Таблиғи жамағат» ұйымын 2013 жылы Астана соты Қазақстан аумағында экстремистік деп таныған болатын. Үшарал қалалық мешітінің имамы Серік Шәріптің айтуынша олардың ең бірінші мақсаты халықты адастыру арқылы өз қатарларын толықтыру.

««Таблиғи жамағаты» адамдарды үш күндікке шақырады. Сосын 40 күн, 1 жыл деген өздерінің шарттары бар. Сол бойынша адамдарды өздеріне тартады. Үй-үйді, көше-көшені аралап уағыз жүргізеді. «Ла иллаха иллал лах» деп айтқызу арқылы өздеріне жақын тартқызып алады»,- дейді Алакөл ауданы, Үшарал қалалық мешітінің имамы Серік Шәріп.

Сот өкімімен Естай Джакаев 3 жылға, ал Ваха Сурхаев 1 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оларға белгілі бір уақытқа дейін діни уағыздауға байланысты әрекеттермен айналысу құқығынан айырылды. Екі айыпталушы да өз жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады.

Талқылау