Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі ұсталды

ҰҚК қызметкерлері Алматы облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісін ұстады, деп хабарлайды ҰҚК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Алматы облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі ұсталды

Белгілі болғандай, қылмыстық топтың жетекшісі 16 қарашада ұсталған.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Алматы облысы Жаркент қаласында ҚР ҚК 262-бабының 2-бөлімімен (ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету),194-бабының 4-бөлімімен (қорқытып алу) көзделген бірқатар ауыр қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде тұрған трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі Жұмат Бегімбетовті ұстады», – делінеді хабарламада.

Қазіргі уақытта жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау