Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ұрылар секс-шоп дүкенінен бірталай затты қолды қылған

Алматы обылысының Көкөзек кентінде 4 наурыз күні ұрылар жергілікті секс-шоп дүкенінен 3 мөшек фаллоимитатор, эротикалық ішкиімдер мен костюмдерді қолды қылған.

3854975f15dc98ffa5996228d6d24fd0

Бұл туралы express-k.kz хабарлайды.

Бұдан бөлек ұрланған заттар тағы бар. Олардың бәрін құжатқа толтыруға полицейлер ұялған көрінеді.

Эротикалық заттардан басқа фотоаппарат, пневматикалық қару, дрель, бұрауыш т.б. заттар ұрланған. Секс-шоп дүкенінің иесі Игорь Цепляевтің айтуынша, дүкенді жергілікті тұрғындар тонаған болуы мүмкін.

«8 наурыз мерекесіне сый ретінде әйелдеріне беру үшін жас жігіттер алған шығар», – дейді ол.

Эрик Аубакиров

Талқылау