Алматы облысында жергілікті тұрғындар туристерді ұрып-соқты
Алматы облысының тұрғындары туристерді ұрып-соқты. Оқиға Ақсу ауданындағы Қапал ауылында орын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Бұл деректі Ақсу ауданының баспасөз қызметі растады. Қазақпараттың басылымының айтуы бойынша, Қапал ауылының тұрғындары соққының астына алған алты азамат ауруханаға жеткізілді. Оларды Алматыға жіберіп, шұғыл ауруханаға жатқызатындай қажеттілік туған жоқ.
“Алты азамат келді. Дене сүйектері сынбаған. Беттеріне қатты зақым келмеген. Медициналық сараптама жасалды. Барлығы Алматының тұрғындары. Туристер ішімдік ішпеген”, — деп хабарлады аудандық аурухана.
Куәгерлердің сөзінше іске қатысы бар адамдардың барлығы ІІО-ға жеткізілді.
Ал “Қазақ туризм” атты ұлттық компанияның сөзінше, осы жағдайдан соң Қазақсанның беделі едәуір түсіп кетті. “Ұлы Дала” экспедициясы кезінде туристерге шабуыл жасалынғаннан кейін компания құқық қорғаушы органдарға өтініш білдірді. Өтініште олар органдардан туристерді қорғауға алуды сұрайды.
“Кеше эскпедициямыздың қатысушыларымен бірге Жоңғар — Алатау бағытымен жүріп келе жаттық. Сол кезде келеңсіз оқиға орын алды. Алматы облысында орналасқан Қапал ауылының жергілікті тұрғындары саяхатшылар су алуға бара жатқанда шабуыл жасады”, — дейді компанияның өкілдері.
Экпедиция Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған. Оған қазақстандықтар мен шетелдіктер қатысқан.
Жалпы, туризм орташа есеппен алғанда әлемдік ЖІӨ-нің 10 пайызын береді. Әлемдегі оныншы адамды жұмыспен қамтамасыздандырады
“Жергілікті тұрғындар басқа елдерден келетін туристердің арқасында пайда таба алатын еді. Бірақ осындай шабуылдар туристерді шошытады. Сондықтан біз барлық билік органдары мен жергілікті халықтан осындай жағдайларды төменгі деңгейге түсіруге шақырамыз “, — дейді “Қазақ туризм”
Ұлттық компания еліміздің әр ауданындағы жергілікті органдар туристерді қауіпсіздендірді қауіпсіздендірсе деген ниет білдірді. Ал қазақстандықтарды қонақжай болуға шақырды.