Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тұрғындарға заманауи спорт кешені сыйға берілді

Бүгін “ҚазТрансГаз” АҚ Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Сұраншы батыр ауылының тұрғындарына күрес түрлеріне арналған заманауи спорт кешенін сыйға тартты. Спорт кешені қазақтың әйгілі Сұраншы батыр есімімен аталып отыр.

DSC_2830DSC_2830

Бұл туралы “ҚазТрансГаз” АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Су жаңа спорт ғимаратының құрылысы толықтай газ саласындағы Ұлттық оператордың қаржысына салынды. Бұл – “ҚазТрансГаз” АҚ үшін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырған жобаларының бірі.

DSC_2836

Нысанды Алматы облысының өзге елді-мекендерінде кездесе бермейтін бірегей спорт кешені деп атауға болады. Ғимаратта спортшылар толыққанды жаттығу өткізіп қана қоймай, мұнда республикалық, тіпті халықаралық деңгейдегі жарыстарды ұйымдастыруға мүмкіндік бар.

DSC_2716

Бұл – спортпен жаппай шұғылдануды қолдау мен баршаның спортпен айналысуын арттыруға бағытталған мемлекетімізді стратегиялық саясатын қолдауға компаниямыздың қосқан үлесі. Осындай спорт кешенінің ашылуы – болашақ ұрпақтың саламатты өмір салтын ұстанып, еліміздің мықты тірегіне айналар нағыз патриоттары болып өсуіне қазық болатын бүгінгі жастарымызды дұрыс тәрибелеу үшін ең қажетті шараларының бірі.

DSC_2785

“ҚазТрансГаз” АҚ отандық спорттың дамуына үлкен мән беретінін атап өту керек. Қазіргі уақытта Астанада “Жекпе-жек сарайы” спорт кешенінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. “ҚазТрансГаз” АҚ осы әлуметтік жобасы да компанияның өз қаржысына салынуда.

DSC_3060

Заманауи спорттық және жаттығу құралдарымен жабдықталған ғимараттың жалпы аумағы 1000 шаршы метрге тең. Ғимаратта соңғы жетістіктерге сай келетін желдеткіш жүйесі, автономиялық ағын жылыту қазандығы орнатылған. Бұған қоса, кешен ауласында жасанды көгалды мини-футболға арналған алаң бар.

Талқылау