Алматы облысында тұрғын үйдің төбесіне аспаннан белгісіз зат құлады

Сәрсенбі, 2 Наурыз , 2016 21:59

Алматы облысында тұрғын үйдің төбесіне аспаннан белгісіз зат құлады. Тұтанып келіп, жарылған зат зеңбірекке ұқсас дейді куәгерлер. Жарылмаған бөлігі аулада ұзақ жатып, кейіннен ол жерге саперлар мен полицияның жедел әрекет ету тобы жеткен. Бойларын үрей билеген үй иелері ойда жоқта аспаннан түскен заттың не екенін аңғармаған.

сысы
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Үйдің шатырын тесіп, аулаға түскен заттың нақты қандай бұйым екенін қарапайым тұрғындар түгіл полицейлер мен әскерилер де біле алмай жатыр. Алматы іргесіндегі Көксай ауылы қаладан 5-ақ шақырым жерде. Жақын маңда ешқандай әскери бөлім немесе полигон жоқ.

Аяқ асты әуеден ұшып келіп, аулаға түскен зат төтенше жағдайлар қызметі мен полицейлер келгенше 4 сағат жатқан. Түсіру тобы оқиға орнына жеткенде құқық қорғаушылар мен әскерилер зеңбірекке ұқсас затты алып кетіпті. Бірақ оның құлағанын көзбен көргендер үрей құшағынан енді арылыпты.

“Мына жақтан ұшып келді қызыл шоқ болып. Айналып-айналып келді. Айналғанын бір көрдік, сыртқа шығып үлгерем дегенше көршімнің үйіне крышасының шетіне тиді де “бах” етіп атылды. Жарылды. Жарылғаннан кейін жүгіріп келдік, келсек военный бірдеңе жатыр ғой кәдімгі”, – дейді куәгер Ғалымжан Тілекбаев.

Куәгерлердің сөзінше, аспаннан зулап келген белгісіз зат шатырдың бір бұрышын жұлып жерге түскеннен кейін де біраз уақыт тұтанып жанып жатқан. Үй иелерінің айтуынша дәл осы уақытта, құдай сақтап, аулада ешкім болмаған.

Дәл осы уақытта үйде болған үй иесі де сыртқа ұмтылыпты. Ауланың дәл осы бөлігінде күнде балалар ойнап жүреді екен. Бірден полицияға хабар берген тұрғын олардың келуін төрт сағатқа жуық күтіпті.

“Немеремнің біреуі далада жүрген. Құдай сақтап, арғы жақта болыпты. Жақсы нәрсе емес бұл. Ары түссе не болар еді? От шығып тұрғын ол кезде”, – дейді үй иесі Уәлихан Тәліпбек.

Бейбіт күнде аспаннан түскен қауіпті заттың не екені қазір анықталуда. Көзбен көргендер әскери жараққа ұқсатыпты. Ал үй иелері мен жақын маңда болғандар аман қалғандарына қуанып, естерін жиған. Жұртты үрейлендірген заттың қайдан келгені жақын күндері белгілі болмақ.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар