Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында туған бауырын өлтірген зейнеткер сотталды

Алматы облысы Панфилов ауданының соты  Жаркент қаласының тұрғынын өлтірген 75 жастағы Өзбекстан азаматына жаза тағайындады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Қылмыс 2017 жылдың қазан айында болған. Облыстық ІІД-нің хабарлауынша, Жаркенттегі жеке үйлердің бірінде зорлық-зомбылықтың белгілері бар егде жастағы адамның өлі денесі табылған. Тексеру барысында марқұмды өзінің жақын туысы өлтіргені белгілі болды.

«Күдікті деп 1942 жылы туылған Өзбекстан азаматы қамауға алынды. Ол қайтыс болған азаматтың туған  бауыры болып шықты. Жарткенттегі туысының үйіне қонаққа келген айыпталушы ішімдікке мас болып, үй иесін өлтіріп қойған.  Оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-тармағына сәйкес тергеу жүргізілді. Яғни денсаулығына елеулі зиян келтіріп, абайсызда адам өліміне әкеп соқтырды», – деді облыстық полиция.

Сотта ұсынылған дәлелдер айыпталушының кінәсін растау үшін жеткілікті болды. Панфилов аудандық соты оны 9 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушы жазасын орта мерзімді қылмыстық-атқару институтында өтейді.

Жіберіп алмаңыз: 

Алматылық жігіт бір қазаққа жерін тегін беретінін айтты

Өзбекстанда “жеңгетайлық” жасаған 43 жастағы қазақстандық әйел ұсталды

ОҚО-да 7 жасар баланы зорлап келген мектеп оқушылары айыпталып жатыр

Көпбалалы ана Астанада ауыр соққы алып ауруханаға түскен 5 жасар қыз баланы асырап алуға ниетті

Талқылау