Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында төрт баласын тастап кеткен безбүйрек ана табылды

Жалдамалы пәтерде көздері жәутеңдеп қалған кішкентайларды көршілері ғана байқаған екен. Құзырлы орын өкілдері болса, қарындары ашқан бүлдіршіндердің пеш жағылмаған үйде қатты тоңып қалғандарын айтады,-деп жазды КТК арнасы.

Олардың үлкені 7-де болса, ең кішкентайы 10 айлық. Ал, балаларын қараусыз қалдырған 26 жастаға ана, өзінің Шелек ауылына кетіп қалғанын сылтауратқан көрінеді.

Көздері жәутең қаққан бүлдіршіндер бір күннен астам қараусыз қалыпты. Тіпті, үй ішінде емшектегі сәбидің ауызына су тамызатын тірі жан болмаған. Ал, жалдамалы пәтердегі балалардың жан дауысын естіген көршілер, дереу құзырлы орындарға хабар береді.

«Үйдің иесін шақырттық. Сол кісілердің айтуынша, бұл үйді әйелдің өзі емес, бірге тұратын Қадыржан деген кісі жалдаған екен.  Ол кісінің туу туралы куәлігі ғана бар екен. Анасы 91-ші жылғы. Дүйісбаева Ботагөз аты-жөні. Жеке куәлігін таппадық. Сондай-ақ, баллардың да туу туралы куәлігін таппадық»,-дейді Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің қызметкері Алмагүл Дүйсебаева.

Балаларын қараусыз қалдырған ана бір апта бұрын Шелек ауылынан көшіп келген екен. Көршілері, олардың бойынан ешқандай оғаш қылық байқамағын айтады. Ал, суық үйде бүрсең қағып, аштықтан қалжыраған балалар аудандық ауруханаға жеткізіледі.

«Кеше төрт баланы алып келді. Үш қыз, бір ұл бала. Түрлерінен-ақ қараусыз қалғаны көрініп тұр. Барлық тексеурден өткіздік. Жағдайлары жақсы»,-дейді Еңбекшіқазақ аудандық орталық аурахана директорының орынбасары Гүлнар Құраметова.

Аяғынан тік тұрған тәртіп сақшылары 26 жастағы безбүйрек ананы тауып,  аудандық ішкі істер бөліміне алып келді. Оның айтуынша, Шелек ауылына сапарлап кетіп, ақшасының жоқтығынан кері жете алмаған көрінеді.

Бірақ, балаларын не үшін тастап кеткенін түсіндірмей, күмілжи беріпті. Қазір аудандық қамқоршы орган өкілдері, балаларды қараусыз қалдырған әйелді ата-аналық құқығынан айыру мәселесін қарап жатыр.

Оқи отырыңыз:

Қасқырлар араларындағы жұптарына құрмет көрсетеді: Жыртқыштардың ерекшеліктері

Шопанның әңгімесі: Қасқырлар жауынан сақтану үшін түрлі қулық әрекеттер жасайды

71 жастағы қарт 150 қасқырмен бірге тау арасында тұрып жатыр (фото)

Ұлттық ұлан «аш сарбаздар» туралы сыни жазбаға жауап берді

АҚШ-қа көшкен ғалым: Қазақстанда ғылым құрдымға кетеді

Талқылау