Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тауға шығып жоғалып кеткен бала туралы жаңа ақпарат пайда болды

Балаға пышақпен қоқан-лоққы көрсеткен шопанды полиция қызметкерлері тергеді. Бұл туралы КТК арнасы  хабарлайды.

45 жастағы Асқар Ғасимов балалардың біреуінен ұялы телефонды сұрағанын мойындап, ал жоғалып кеткен Ернұрды мүлдем көрмегенін айтты. Қазір ол құтқарушылармен, полиция қызметкерлерімен бірге баланы іздеп жүр.

Асқар Ғасимовтың туысқандары күні бойы жоғалып кеткен баладан хабар күтіп отыр. Ернұрдың анасы шопан баламды пышақпен қорқытты деп айыптаған болатын. Бірақ шопанның баланың жоғалып кетуіне қатысы жоқ.

“Шопанның өзі телефонын іздегенін айтты. Бірақ Ернұр Сәдуақасты мүлдем көрмеген. Телефонының қайда екенін басқа баладан сұраған. Сәдуақас қорқып, қашып кеткен. Ал пышаққа қатысты ақпарат менде жоқ. Оны тұтқындауымыз үшін дәлел керек”, — дейді Алматы облысы ІІД-нің баспасөз жетекшісі Сергей Незнаев.

Шопанның әпкесі, баланың туысқандары оның жанұясын қарғап тастағанын айтты. Әпкесінің сөзінше, Асқар арақ ішпейді. Сенбі күні, яғни бала жоғалған күні ол әдеттегідей мал бағып жүрген. Ал баланың туысқандарының сөзінше, олар Ернұрды сол күні басқа балалармен бірге ойнап келуге жайлауға жіберген. Сол жерде шопан балаларды пышақпен қорқытқан. Шопаннан қорқып қалған Ернұр балалардан қашып, жоғалып кеткен.

“Ол баланы пышақпен қорқытатын адам емес! Өзіңіз ойланып көріңізші! Неге ол баланы пышақпен қорқыту керек? Олар осыны ойларынан шығарып алды. Біз өз інімізді білеміз ғой. Оның төрт баласы бар”,- дейді шопанның әпкесі

Баланы іздеуге үлкен жарлар мен жаңбырдан кейін тайғақ болып кеткен жолдар кедергі келтіріп тұр. Полиция қызметкерлері мен құтқарушылар ауылдағылардан баланы көрген не көрмегенін сұрап жүр. Әзірге ешқандай жаңалық жоқ.

Жеті жастағы баланы іздеу үшін құрылған топта алғашында 180 адам болса, қазір олардың саны 60 азаматты құрайды. Еріктілер азайды.

Ауыл адамдары үш тәулік бойы тауларды аралап жүр. Бірақ әзірге ешнәрсе тапқан жоқ.

“Үміт жоқ. Бүгін біз үйде қалуды жөн көрдік. Асқардың балаға шабуыл жасағанына бәрі сене бермейді.  Ол жақсы адам. Балаларға ешқашан қоқан-лоққы көрсетпеген”,- дейді көрші Мұрат Нұрғазы.

Асқар Ғасимовтың балаларды қорқытқаны не қорқытпағаны белгісіз. Полиция бұл ақпаратты тағы да тексереді. Егер іздеу кезінде бірнәрсе анықталса, шопан қайтадан тергеуден өтеді.

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Талқылау