Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тауда жоғалған баланың жылаған даусын естігендер бар

Алматы облысының Қырғалы кентінде тұратын шопандар отбасы баланың жылаған даусын естіген, деп хабарлайды Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Stan.kz.

Облыстық ІІД хабарлағандай, полицияға шопандар отбасының бір мүшесі хабарласқан. Әйелдің айтуынша, оның енесі жылаған баланың даусын естіген.

«Полициға Нигара есімді әйел келді. Ол баланың жылаған даусын естігендерін айтты. Басшылыққа хабарланған соң тауға тікұшақ жөнелтілді. Шопаннан неліктен бала жылаған жаққа бармағанын сұрағанда, ол жақын маңда баланың жоғалғанынан бейхабар екенін айтты», – дейді басқармадағылар.

Оқиға орнында әлі де іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

Бұған дейін тауда жоғалған баланы тікұшақпен іздеп жатқанын хабарлаған едік. Әзірге еш нәтиже жоқ. 

Естеріңізге сала кетсек, Алматы облысында таулы жерде жоғалып кеткен 7 жасар баланың іздестіріліп жатқанына 10 күн болды. 7 жасар бала 14 шілдеде кешкі сағат 20:30-да Ынтымақ аулының оңтүстік жағында жоғалып кеткен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау