Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тау бөктеріндегі көшкін жылжуын тоқтатты

Алматы облысының Кеген ауданы Саты ауылында тау бөктеріндегі көшкін жылжуын тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

«24 сәуірдегі жағдай бойынша тау жыныстарының жылжуы байқалмайды. Тау жыныстарының жалпы ұзындығы 1 700 м, көлденеңі – 920 м», – деді Руслан Иманқұлов.

Оның айтуынша, оқиға орнында Алматы облысы ТЖД жедел штабы жұмыс істеуде. Штаб командалық-штабтық көлікте орналасқан, ол қажетті байланыс құралдарымен жабдықталған. Алматы облысы ТЖД мен ТЖК «Қазселденқорғау» ММ күштері тау жынысының қозғалыс динамикасына және Көлсай өзеніндегі гидрологиялық ахуалына тәулік бойы мониторинг жүргізуде.

Еске сала кетсек, 19 сәуірде Алматы облысында ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ гидробекетінің бақылаушылары көшкін қаупі бар учаскелерді тексеру барысында Кеген ауданы аумағында тау бөктерінің орнынан көшкенін анықтады. 21 сәуірде көшкін массасы екі учаскеге бөлініп, оңтүстік учаске Көлсай өзенінің арнасына жетті. Ал солтүстік бөлігі де өзенге қарай жылжыды және өзенге дейінгі арақашықтық 67 метрді құрады. 23 сәуірдегі жағдай бойынша көшкіннің Көлсай өзеніне қарай жылжуы сағатына 0,4 метрге дейін төмендеді. Қазіргі кезде тау жыныстарының көшкіні елді мекендерге қауіп төндіріп тұрған жоқ.  Сондай-ақ Алматы облысында көшкін орнында География институты ғылыми қызметкерлері зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Оқи отырыңыз:

ШҚО-да 11-12 жасар қыздар жүріп келе жатқан пойызға секіріп мінген

Көкшетауда келіншегін қасақана өлтірген азамат 11 жылға сотталды

Ақмола облысында марихуана шеккен лауазымды шенеунік жұмыстан қуылды

Талқылау