Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тас жолда болған жол апатынан 7 адам қаза тапты

Алматы-Бішкек тас жолында дүйсенбіде екі көліктің соқтығысу салдарынан жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды Алматы облысы ішкі істер департментінің баспасөз қызметі.

78e21ebd0950ccd6ced87711d2c83307

 

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы-Бішкек авто жолының 109-шарқырымында Жамбыл аудыны Ақтерек ауылының маңында Ford Focus және Honda Elysion  автокөліктері соқтығысты. ЖКО салдарынан оқиға орнында бес адам, тағы екі адам ауруханада қаза тапты.

“Honda —ның 45 жастағы жүргізушісі мен 36 жастағы жолаушысы Ұзынағаш ауылының ауруханасына жеткізілген, олар дәрігерлердің бақылауында. Алдын ала болжам бойынша Ford  жүргізушісі көлікті басқара аламай, қарсы бетке шығып кетіп, Honda-мен соқтығысқан”,  – делінген хабарламада.

 

Талқылау