Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тәрбиеші лагерьге келген балаларды түн ішінде шешіндірген (видео)

Алматы облысындағы «Ақбұлақ» лагерінде қолданған ерекше тәрбиелеу тәсілі ата-аналардың ашуын туғызды. Жазғы демалыс жақсы өтуі үшін шығындалғандар ұлдарының іс жүзінде не істеп жүргенін көріп, жағасын ұстаған. Бұл туралы КТК хабарлайды.

5454

Желіде тараған видеода ересек адамның жеткіншектерді түн ортасында тұрғызып, 30 секунд ішінде киініп-шешінуін талап етеді. Қазір мәселенің анық-қанығын құзырлы органдар тексеруде.

Іш киімге дейін шешіндіріп, түн ортасында жаттығу жасатып, әскердегідей 30 секундта киінуге пәрмен беріп, жеткіншектерге әлімжеттік көрсетіп жатқан видео соңғы күндері желіде көп талқыланды. Оқиға Алматы облысындағы «Ақбұлақ» лагерінде болған екен.

Жазбадағы 12 баланың барлығы Жаңаөзеннен Алатаудың баурайына жазғы демалысын өткізуге келіпті. Бірақ би кешінде төбелесіп қалған балаларға ерекше тәрбиелеу тәсілі қолданылған. Ол адам лагерьдің тәрбиешісі емес, ата-анасы сеніп тапсырған азамат екен.

“Арыз-шағымымыз жоқ қазірше. Ештеңе шешілген жоқ анық айтатындай. Сол кісінің шаруасымен жаздық, ешқандай хабар жоқ. Бола салысымен хабарласамыз”.

Анықталғандай 24 жастағы жігіт сенімхатпен балаларды Алматыға әкелген. Түсірген видеосын ата-аналарға таратып, өзі хабарлапты. Содан кейін оған бірден балалардан аулақ жүруі керектігі айтылған. Ал жеткіншектердің ешкімге өкпесі жоқ екен.

“Өкпеміз жоқ. Түсінбестік болды. Ол кісі бізбен бірнеше жыл жұмыс істеген, өзі лидер, жақсы қасиеттері бар”, – деді тәрбиеші Гүлмира Есенгелдиева.

Демалыстағы балаларға қатысты әскери тәртіпті енгізбек болған азаматтың ісі қазір тергелуде. Ол жұмысынан шеттетілген. Алматы облысының әкімдігі арнайы комиссия құрып, істің мән-жайын анықтауға кірісіпті. Айта кетерлігі, осындағы демалыстың бір күні 10 мың теңге. Ал жолдама кемінде 10 күнге беріледі.

В одном из Алматинскиx лагерей один из кураторов устроил жесткую систему наказания😏

Публикация от ВИДЕО КАЗАХСТАН🍉 (@dubsmash_kaz)

Оқи отырыңыз:

Түрік жігіті үшін төбелескен қыздар жұрттың ашуын келтірді (видео)

Алматыда 12 жастағы бала мерзімінен бұрын мектепті үздік бітіріп шықты

Ақтөбеде “полицейден қорлық көргенін” айтқан тұрғын өзін-өзі өртеп жіберген

17 жастағы велошабандоз Дана Ахметованың неден қайтыс болғаны анықталды

Талқылау