Алматы облысында такси жүргізушісі жас әйелді өлтірді деген күдікке ілінді

Сәрсенбі, 1 Маусым , 2016 13:14

Жеке көлігімен такси жүргізушісі болып істейтін Алматы тұрғыны жас келіншекті өлтірді деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

8989371

Сурет newskaz.ru

26 мамыр күні Қарасай ауданынан қарасты Кемертоған ауылына жақын жерден тұрғындар бірнеше пышақ жарақаты салынған әйелдің денесін тапты. Екі күннен соң тәртіп сақшылары оның көрші Жамбыл ауданының 27 жастағы тұрғыны екенін анықтады.

“Жедел шаралардың арқасында әйелдің соңғы рет “Мерседес бенс” көлігіне отырғаны белгілі болды. Көліктің иесі де анықталды. Алматыда такси жүргізушісі болып істейтін ер адам қылмыс туралы айтып берді”, – делінген хабарламада.

Такси жүргізушісінің қала сыртындағы аудандарда адам таситыны белгілі болды. Зардап шегуші оның танысы екен. Жолаушы ретінде көлікке отырған әйел мен жүргізушінің арасында жол бойында ұрыс шығып, ақыры соңы қанды қылмыспен тынады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар