Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында студентін ұрған дене шынықтыру пәні мұғалімі қызметінен кетті

Жаркентте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі студентті ұрып соқты. Оқиғаны өзге студенттің бірі видеоға түсіріп, желіге жариялады.

Видеодан ер адамның жас жігіттің ұрып, балағат сөз айтқақы байқалады.

“Мұғалімдердің студенттермен қалай сөйлесетінін көріңіздер. Бұлүгін Жаркентте болды”, – деп жазды ролик авторы.

“Сендерге қайтпаңдар деп айттым, неге кетесіңдер, сендер үшін мен сөз естимін”, – деп айқайлап жатыр оқытушы видеода.

Алматы облыстық әкімдігі қазіргі уақытта мұғалімнің қызметінен кеткенін мәлімдеді. Оқи ордасына облыстық білім басқармасының комиссиясы жіберілді. Комиссия шешіміне сәйкес, колледж басшылығы мен мұғаліміне қатысты шара қабылданады.

Оқиға Жаркент көп салалы колледжінде болды. Мұғалімнің стуентті ұрғаны расталды. Іс облыс әкімінің бақылауында. Мұғалімге қатысты тергеу жұмысы жүріп жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау