Алматы облысында шенеуніктер көп бала туа беретін анаға көмектесудің орнына, күлкіге айналдырған

Дүйсенбі, 1 Ақпан , 2016 22:32

Алматы облысында көп балалы ана көпшілікке күлкі болды.  37 жастағы келіншек көп бала тапқаны үшін «кінәлі» болып отыр. Жеті баланы дүниеге әкелген батыр ана биліктен көмек сұрай барса, шенеуніктер туа беретінін бетке басып қайтарып жібереді екен. Бұл жайлы КТК телеарнасы хабарлап отыр. dfd

Онсыз да жоқшылықта өмір сүрген отбасы осылай жылдар бойы жәрдемақыдан қағылып келген. Қазір тіпті ішерге тамақ таппай отырған әйел тым болмаса жеті баласына жылы киім сұрап отыр.  Жеті баласын құшақтаған Мейрамгүлдің күні жылаумен өткен. Күйеуі де көп баланы асыраудан қашып, жақында тастап кетіпті. Ескі қалашықта күнелткен отбасы құр нанмен ғана тамақтанады.

«Көршілер қайыршы деп боқтап кеткен күндер де болды.Талай айғайластым. Сіз қайыршының не екенін білесіз бе? Рас, киім сұрадым балаларға. Бұлар қаңғып жүргендер, бұлардың құжаты жоқ, бұларды көшіріп тастау керек деп  сол қудалады бізді. Жыладым», – дейді батыр ана Мейрамгүл Нәбиева.

Жеті баланың да үстінде жөні түзу киім жоқ. Төртеуі мектеп жасындағылар. Бірақ бәрі де жоқшылықтың салдарынан сабаққа бармайды. Ал беске де толмаған Гүлфия мен Зүлфиясына қуыршақ деген нағыз қол жетпес арман екен.

«Машина дейді, қуыршақ сұрайды мыналар, ана киімдерден бала жаса дейді. Жасаймын отырып, әлди жасап бер дейді. Жасап берем, ойнайды», – деп көзіне жас алды ана.

Ойыншықтармен емес, кілең қаңғыбас иттермен ойнайтын бұл жетеуіне ауылдастары «жеті лақ» деп ат қойыпты. Тек бала-шағасы ғана емес, Мейрамгүлдің өзіне де күйе жағылған. Ол «маскүнем» деген атқа ие. Олай деп жергілікті биліктегілер қойып алған екен. Жәрдемақы ала алмай жүрген келіншекті атқамінерлер осылай 9 ай бойы маңайлатпай қойған.

«Кінәлаған осы әкімдер. Сол сөз осы жерден шықты. Сосын мен шыдамай айқайладым, кәне, қағаздарыңды алып келіңдер, көшеде мас жаттым ба мен? Желкемнен сүйреп біреу тауып алыпты ма мені? Пакетке арақ көтеріп жүргенімді біреу көріпті ме?», – дейді ашынған Мейрамгүл Нәбиева.

Тек 10 сыныптық білімі бар Мейрамгүлге мемлекеттен бөлінетін көмек туралы мұнда ешкім түсіндіріп бермеген. Тек араға тілшілер түскен соң ғана 9 ай бойы табанынан таусылған келіншек небәрі 9 минутта тіркеуге алынып, әкім орынбасарының төрінен бір-ақ шықты.

«Міне, Май ауылы, Парковая көшесі 11-ші пәтерге мекен-жайға тұрды. Ол менің өзімнің жеке үйім. Тіркеуге тұрғыздым. Басқа амал жоқ», – дейді Шелек ауылдық аймағы әкімінің орынбасары Мәди Бектасов.

Тек көп балалы отбасы әкім орынбасарымен бірге тұрмайды. Атқамінерлер оларға арнап жылы үйді жалдап берді. Тіпті, жеті бала туғаны үшін мемлекет есебінен жер де бөлінетін болып шешілді.

«Тіркеуге тұрды ғой. Тіркеуге тұрғаннан кейін жерді береміз. 8 сотық па, 10 сотық па  жерді тауып береміз», – дейді Шелек ауылдық аймағының әкімі Есенғали Есенханов.

Жеті баланы жылатпаймыз деген шенеуніктер үйді көктемде салып беруге уәде етті. Ал жеткіншектерді мектепке жіберуге мейірімді жандардың көмегі қажет боп тұр. Өйткені оған әкімдікте қаржы қарастырылмаған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Адам емес анмен тен. Сумдык кой бул. Кулгенше кол ушын бермей ма.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар