Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұмбақ өлім: Сандық ішінен балалардың денесі табылған бөлмеде қан іздері болған

Алматы облысында жантүршігерлік қайғылы оқиға болды. Туыстары екі күн бойы іздеген небәрі  9-10 жасар екі баланың денесі ескі сандықтың ішінен табылды.

0юдлб

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Алдын ала жасалған болжам бойынша, балалар тығылмақ ойнап жүріп сандықтың ішінде тұншығып қалуы мүмкін делінген. Алайда, ата-аналар бұл болжамға мүлдем сенбейді. Тұншыққан болса, бөлме ішіндегі қан іздері қайдан шықты дейді? Күдік тудырар жайттар көп. Әзірге бәрі жұмбақ.

Жоғалып кеткен екі баланы туған-туыстары күні бойы іздепті. Тек 14 мамырда түнгі 12 кезінде үй артындағы шағын сарайдың ішіндегі дәл осы тұста тұрған сандықтың ішінен екі баланың өлі денесін табады. Ол сандықты полицейлер сараптама жүргізу үшін өздерімен бірге алып кетіпті.

Ұзындығы 1 метр биіктігі 40 сантиметрден асатын шағын сандық темір қаңылтырмен қапталған. Балалар көк сандық ішінде бірінің үстінде бірі жатты дейді көргендер. Сандық тұрған жерде кімдікі екені белгісіз қан іздері әлі жатыр.

“Барсам арғы бұрышта сандық тұр екен. Сандықтың ішінде екеуі жатыр. Астында Абылай жатыр, Абылайдың үстіне менің баламды жатқызып қойған. Балам бүктеліп екеуі құшақтап жатыр. Біз ойладық бала тірі екен деп”, – дейді Ермектің әкесі Дулат Кәдірбеков.

Алдын ала мәлімет бойынша балалар ойнап жүріп сандыққа кірген, ал сандық қақпағы жабылып ілмегі бекітіліп қалғаннан екі бүлдіршін тұншығып өлген. Алайда Абылай мен Ермектің туыстары бұл нұсқаға сенбейді. Әсіресе, Ермектің анасы ұлының өліміне көршісінен және екінші күйеуінен күдіктенеді.

“Складтың бәрі ашық жатыр. Шеге, балғалар шашылып жатты. Ол да ашумен келіп өлтіріп қоюы мүмкін. Одан да күмәнданамын. Менің бар шырылдағаным – баламды өлтірген адамды тапса екен деп жүрмін”, – дейді Ермектің анасы Жансая Кәдірбекова.

Абылай мен Ермекті оқиға болған күні көрдім деген жан жоқ. Қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық істі облыстық ішкі істер департаменті өз бақылауына алған. Тергеу аяқталмағандықтан полицейлер де толық мәліметке сараң.

“Екі баланың өліміне қатысты бірнеше сараптама тағайындалды. Осы сараптамалар нәтижесінде оқушылардың неден қайтыс болғаны анықталады. Нәтижелерді қолға алған соң ауыз толтырып бірдеңе айтуға болады”, – дейді Алматы облыстық ІІД ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Қос баланың өлімінен кейін Ащысай ауылынан да маза кеткен. Олар оқыған мектеп те қара жамылып отыр. 3-сыныпта оқыған Ермек пен 4-сынып оқушысы Абылай туралы ұстаздары да, мектеп басшысы да тек жақсы мінездеме берді. Ал екі бірдей отбасына қайғы әкелген жұмбақ өлімнің құпиясы қашан ашылары белгісіз.


Жіберіп алмаңыз:

Алматыдағы Rixos қонақүйінің шатырынан құлаған адамның кім екені анықталды

Ақтауда жеңіл көлік әйел адамды қағып 20 метрге дейін сүйреп кетті

Анасының мүгедектігіне қарамай бас тартпаған баласы бүгінде Гарвард университетінде оқиды (фото)

Фитнес клубқа келген әйелдің жалаңаш суретін жариялаған Playboy моделі түрмеге қамалады

Талқылау