Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында сал болып қалған оқушыны 22 жастағы жігіт зорлаған

Бұл туралы мәлімет Жамбыл ауданында тіркелген. 18 маусым күні Жайсан ауылының тұрғыны белгісіз ер адамның кәмілетке толмаған қызын зорлағанын хабарлаған. Полицейлер бір күн ішінде күдікті ер адамды ұстады.

aff6a4628755ad9c35a42932d4d9c7d302b8969c_600-600x450

Сурет: izvestia.nikolaev.ua 

Бұл туралы аймақтық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Жәбірленушінің БЦП-мен ауыратыны, арнайы мектепте білім алатыны анықталды. Қайназар ауылының тұрғыны, 22 жастағы күдікті жігіт қызбен желі арқылы сөйлесіп келіскен. Сосын оны үйінен шығарып алып, көлігімен ауыл сыртына апарып зорлаған», – делінген хабарламада.

Күдікті қыздың кәмілетке толмағанын және сал ауруымен ауыратынын білмегенін айтып ақталған. Алайда, полицейлер қыздың өз жасынан айтарлықтай кіші көрінетінін, сондықтан оның сөзі шындыққа жанаспайтынын айтады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК  «Зорлау» (120) бабына сәйкес тергеу жұмыстары басталды. Күдікті әзірге 72 сағатқа қамауға алынды. Алайда, бүгін оны қамауға алуға өтініш берілді», – дейді полициядағылар.

Жіберіп алмаңыз:

Ақмола облысында екі ер адам мектеп оқушысын зорлады деген күдікке ілінді

Алматы түрмесінде отырған келіншек изолятор қызметкерлері зорлады деп шу шығарды

Аустралиялық әйел туысқан інісіне өзінің 12 жасар қызын зорлауға көмектескен

Замбияда қыз зорлаған әншіні адам зорлау ісімен күрес жөніндегі басты маман етіп сайлаған

Талқылау