Алматы облысында полиция мен туыстары 2 күн іздеген оқушы досының үйінде тығылып жатқан
10 жасар ер бала әкесінен қашып, тәртіп сақшылары тапқанға дейін 2 тәулік жоғалып кеткен. Бұл туралы Алматы облысының ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: ru.sputniknews.kz
Олардың мәліметінше, 8 желтоқсанда Еңбекшіқазақ ауданының полиция бөлімшесінде 10 жасар баланың жоғалуы туралы іс қозғалған.
Баланың әкесі 7 желтоқсанда із-түссіз жоғалып кеткен ұлын өз бетімен іздеген. Кейін оның әйелімен ажырасқаны және жоғалған баласын жалғыз тәрбиелеп отырғаны белгілі болды.
Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, жасөспірім бұрын бірнеше рет үйінен кетіп, оны іздеуге полиция ғана емес мектеп мұғалімдері де көмектескен. Бұл жолы тәртіп сақшылары баланы досының үйінен тауып, туыстарына қайтарды.
Оқи отырыңыз:
Алуа Қонарова “Жыл таңдауы” жобасының әділетсіз өткенін айтып ашынды
ОҚО-да халқы қар ерітіп ішіп отырған ауыл Қазақстан картасында жоқ болып шықты
Талқылау