Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында полиция қызметкері кісі қолынан қаза тапты

Алматы облысында полицейді мерт қылды деген күдікпен ер адам ұсталды.

images

 

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«ІІМ Алматыдағы әскерилендірілген күзет қызметінің 29 жастағы қызметкерінің мүрдесі 31 желтоқсанда Жамбыл ауданындағы Қасымбек ауылында табылған. Марқұмды белгісіз біреулер екі жерден пышақтаған», делінген хабарламада.

Оқиға болған жерді тінте келе полицейлер жиналмалы пышақ тапты.

Жедел-іздестіру жұмыстарының арқасында 24 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

ҚР ҚК 99-бабына сәйкес, аталған дерек бойынша, Жамбыл АІІБ-да қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.

Марқұмның туысқаны Эльнора Айтқалиеваның әлеуметтік желідегі жазбасында белгілі болғандай, Арынов Айтжанның артында қарт ата-анасы, жары, екі сәбиі қалған.

Талқылау