Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында полицейлер жоғалып кеткен үш мектеп оқушысын тапты

Алматы облыстық полицейлері бірнеше күннен бері жоғалып кеткен кәмілетке толмаған 3 оқушыны іздеп жатыр. Жоғалу фактілері Қарасай, Талғар, Іле аудандарында тіркелген.

10804585

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тәртіп сақшылары жоғалған балаларды Қарасай, Талғар және Іле аудандарында іздеген.

«Қарасай ауданында жоғалған 16 жастағы қызды Қызылордадан таптық. Жолаушылар пойызымен кетіп қалған ол қазір Қаскелең қаласындағы ата-анасына қайтарылды. Ал Талғардағы балалар үйінен қашып кеткен 10 жасар баланы Төңкеріс ауылы маңынан таба алдық. Ол жерде оның анасы тұрады екен», – делінген хабарламада.

Іле ауданында 21 қаңтар күні жоғалып кеткен мектеп оқушысын, құрбысының үйіне қонаққа барды деп болжанған Талдықорғаннан іздеген.

Қазіргі таңда оқушылар ата-аналарына қайтарылып, олардың әрекеттерін құқық қорғаушылар қарап жатыр.

Талқылау