Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында полицей талабын орындамаған мас жүргізушінің көлігіне оқ атты

Алматы облысы жол-патрульдік полиция қызметкерлері тоқтату талабына бағынбаған  жүргізуші көлігінің ізіне түсу  кезінде қару қолдануға мәжбүр болды.

52525

Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінде хабарлағандай, оқиға «Алматы-Көкпек-Көктал» жолында жол полициясы батальонының старшинасы мен сержанты құрамында патрульдық экипажының қызмет атқару кезінде орын алды.

«Рено Логан» көлігінің жүргізушісі тәртіп сақшысының тоқтатуын елемей, жылдамдықты асырып, қозғалысты жалғастырған.

«Полицейлер дереу артынан қуып,  тоқтату талабын ескермеген соң, оның көлігінің үш дөңгелегіне оқ атып тоқтатуға тура келді. Заң бұзушыны осы тәсілмен ғана ұстау мүмкін болды», – деп мәлімдеді ІІД.

Ол 33 жастағы Алматы тұрғыны болып шықты. Рульге мас күйінде отырған. Заң бұзушыға қатысты ҚР ӘҚтК төрт бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

«Көлік арнайы автотұраққа қойылды. Билік өкіліне бағынбау бабы бойынша да қылмыстық өндіріс қозғалды», – деп нақтылады ІІД.

Жіберіп алмаңыз:

Көлік алдына секіріп мінген полицейге күш көрсеткен екі ақтөбелік сотталды

Екібастұзда екі жігіт полицей мен прокурорға оқ атты

Таразда белгісіз біреу көшеде полицейге оқ атты

Талқылау