Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында полицей екі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Талдықорған қаласының полиция қызметкері “Тойота-Камри” көлігімен екі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

145027457555

Бұл жайлы әлеуметтік желіде жарияланған. Онда қала көшелерінің бірінен өтуге тыйым салынған жерден өткен ер адам мен әйелді көлік қаққаны жөнінде жазылған. Көлік тізгінінде полиция қызметкері болған.

«Зардап шегушінің бірі оқиға орнында мерт болды, екіншісі ауруханада көз жұмды. Қазір сараптама тағайындалып, тергеу жүріп жатыр», – деп мәлімдейді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза тапты (фото)

Алматы облысында мотоцикл жаяу жүргіншіні қағып, денесін екіге бөліп жіберді (фото)

Ақтөбеде қарсы жолаққа шығып кеткен полицей жол апатынан көз жұмды

Талқылау