Алматы облысында педофил 9 жастағы баланы сүйреп әкетіп зорламақ болды

Алматы облысында жантүршігерлік жағдай орын алды. Алаңсыз ойнап жүрген 9 жастағы қыз баланы педофил сүйреп әкетіп, жымысқы ойын жүзеге асырмақ болған.

20161115195053

Сарқан ауданының прокуроры Ерлан Андабаевтың айтуынша, оқиға 21 мамыр күні Сарқан қаласында болған. Ішімдікке сылқия тойған 1988 жылы туған азамат кішкентай қызды зорлауға әрекеттенген. Ол көшеде ойнап жүрген қызды көзден таса жерге алып барғанымен, арам ойын жүзеге асыра алмаған. Абырой болғанда, тұрғындар дер кезінде көмекке келіп, 9 жасар баланы азғыннан арашалап алған. Жасөспірімнің жағдайы қазір қалыпты. Ата-анасымен бірге. Бірақ, осы жайттан кейін қатты шошынып қалған.

Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті азамат абақтыға қамалды. Егер айыпталушының қылмысы дәлелденсе ол 15-20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тағы да оқыңыз:

Қарағандыда жүйкесі бұзылған адамдарға жүргізуші куәлігін беріп келген

ОҚО-да 83 жастағы таксист қария жолаушылардың өз қалауымен берген ақшасын ғана алады

Өскеменде мекеме күзетшісі абайсызда әріптесін атып қойды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар