Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында өз бастығын атып тастаған полицейге қатысты сот үкімі шықты

Алматы облысында өз бастығын атып тастаған полиция қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Оқиға 2017 жылдың 15 қыркүйегінде Алакөл ауданындағы Бескөл кентінде полиция  қызметкері өз бастығын атып тастаған. Аталған қылмысқа қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп, іс сотта қаралды.

“Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өз бастығын атып тастаған полиция қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты. Ол Достық бекетіндегі ІІЖБ-нің жедел уәкілі болып қызмет атқарған”, – деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігіне (Адам өлтіру) сәйкес айыпталушы кінәлі деп танылды. Оған 8 жыл 6 ай мерзіміне бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Қылмыскер жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтейтін болады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз:

Қарақат Әбілдинаға баласының тұсауын кескізбек болған аналар ренжіп жүр

Гаухар тастан шашу шашқан: Отандық продюсер еліміздегі ерекше тойлар туралы айтып берді

Қайрат Нұртасты жапондарша қарсы алған Гүлзира Айдарбекова сын астында қалды (видео)

Қазақ қызы Моңғолияда түсірілген фильмде басты рөл сомдады (фото)

Талқылау