Алматы облысында оңбай күйген баласына ота жасатпай жүрген анаға шара қолданды

Сәрсенбі, 6 Желтоқсан , 2017 19:34

Пештен шыққан өрттің кесірінен бүлдіршіннің 55 пайыз денесін күйік шалған. Алайда, ұлының мүгедектігіне қомақты жәрдемақы алып жүрген ана оны сол күйі емдетуге асықпапты,-деп жазды КТК арнасы.

Салдарынан бала өскен сайын терісі тартылып, ақыр аяғы кісі шошырлық жағдайға душар болған.

Пештен шыққан өрттің кесірінен бүлдіршіннің 55 пайыз денесін күйік шалған. Алайда, ұлының мүгедектігіне қомақты жәрдемақы алып жүрген ана оны сол күйі емдетуге асықпапты. Салдарынан бала өскен сайын терісі тартылып, ақыр аяғы кісі шошырлық жағдайға душар болған.

Денесінің жартысын күйік шалған Николайдың қазіргі жағдайы жүрек сыздатады. Екі жыл бұрын үйінде отырып өртенген балаға содан бері еш ем жасалмапты. Салдарынан, өскен сайын өз терісіне өзі сыймай, ақыр аяғында кісі шошырлық жағдайға душар болған.

Жағы кеудесіне жалғасып, аузы жабылмай қалған. Күйген терінің тарылғаны сонша, бала қолтығын аша алмайды. Осы кейпінің кесірінен оны мектепке де қабылдамапты. Оған дер кезінде көмек көрсетпеген ақ халаттылар бар кінә анасынан деп отыр.

«Енді анасының салғырттығынан ғой. Қашып, таппайды кейде үйінен. Бүгінгі күннің өзінде аудандық әкімдіктегі қамқоршылық солардың іздеуімен үйінен таңертең шығарып алып келіп отырмыз.

Соның өзінде бұл басқа кісілердің қарауында отыр. Туыстары емес, 6 баласы бар ананың қолына тастап кеткен»,-дейді Талғар аудандық емханасы бас дәрігерінің орынбасары Нұргүл Матжанова.

Оның өзінде де, қайырымды жандар баланың суретін ғаламторға салып, көмек сұраған соң ғана қимылдай бастаған. Кейін белгілі болғандай, бала көрінгеннің үйінде күнелтіп жүріпті.

Күйіп қалған соң анасы да, туыстары да керек қылмаған. Дәрігерлердің айтуынша, бүлдіршінге тері жамау керектігін талай ескерткен екен. Десе де, анасы оның мүгедектігі үшін алатын 60 мың теңге жәрдемақысын қимай, тегін отаны жасатпай жүре беріпті.

«Хирургтың айтқанын тыңдағысы келмей тұр ғой операция керек деген. Ол кісі ойлайды, отаға барса, если мүгедектіктен 2-топқа түсіретін болса, онда ақша көлемі азайяды 17-40 мыңға. Содан қашады. Оның үстіне, ата-анасы естіп білдіңіздер, анасы ішімдікке салынған»,-дейді Талғар аудандық емханасы бас дәрігерінің орынбасары Нұргүл Матжанова.

Салдарынан өсе келе аузын аша алмай қалған бала тамақты төгіп-шашып әрең ішеді. Өрттің кесірінен саусақтары да зақымдалған екен.

Десе де, соған қарамастан сурет салғанды жақсы көреді. Сондай-ақ, кішкентай Николайдың өзінен бір жас үлкен әпкесі бар. Оны да әлеуметтік қызметкерлер көшеде жүрген жерінен тауып әкелді.

Анасы ішкілікке салынған екі баланың көрмеген қиындығы қалмаған. Айтуларынша, Николай өртенгенде үйде ешкім болмай, осы әпкесі құтқарып қалыпты.

Ал әйелдің өзі қазір наркологиялық диспансерде. Дәрігерлер оны маскүнемдіктен күштеп емдеп жатыр. Ал терісі тартылған бала 10 күн ішінде Астанадағы ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығына жіберіледі.

Балаға онда тегін ота жасалады. Жаңа терісі жазылғанша, 1 жылдай мемлекеттің қамқорлығында болады. Ал 60 мыңға қызығып баласын қорлыққа салған ананың ісі алда сотта қаралмақ.

Оқи отырыңыз:

Бағым Мұхитденова: Кезінде Еркені бірде-бір телеарна шығарғысы келмеген

Пайғамбардың (с.ғ.с.) топырақ туралы хадисі ғалымдар тарапынан дәлелденіп елді таңғалдырды

Бахтияр Артаев: Спортта жүрген қандастарымыздың арасында жат ағымдарға ілескендері көп

Бала күнінде ауырып емханаға түскен қыз бен бала 20 жылдан соң үйленді (фото)

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Anonymous says:

    Біреулер балалы бола алмай, анда барып,мында барып, қиналып жүр. Ал осындайлар баласына қарамай ауру қылып жатыр. Не еткен қатыгез дік?

  • Anonymous says:

    Казир кибр ата аналар жауыз онбаган болып бара жатыр. Ол итак ишетин адам болса оган бала емес акша керекко жазалау керек алатын акшасын баланын озне жұмсау керек

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар