Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында оқушы өліміне күдікті дегендер кінәларын мойындамай отыр

Алматы облысының Қарасай ауданында оқушы өліміне қатысты сот отырысы жалғасуда. 2016 жылдың қараша айында жастар арасындағы жанжалда 11-шы  сынып оқушысы оққа ұшып көз жұмған. Күдікті деп танылған екі азаматтың бірі тергеу абақтысына жабылып, екіншісі қолхатпен бостандықта болды. Сот процесіне қатысқан қамаудағы күдікті тергеу кезіндегі жауабынан бас тартып, бүгін мүлдем басқаша сөйледі.

алматыдагы окушы

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Айыпталушы тарап пен жәбірленушілердің мүдделері не себепті бір арнаға ойысқанын Жарас Ниязбек білуге тырысты.

Бейбіт күнде ұлы оққа ұшып, бауыр етінен айырылған ананың жан жарасы әлі де жазылмаған. Баласын 4 ай бұрын жер қойнына тапсырған ата-ана шын қаскөйдің жазаға тартылғанын қалайды. Қарасай аудандық сот ғимаратының маңы қарақұрым ел. Тек аудан емес бүкіл елді елең еткізген қанды оқиғаның ақ-қарасын айыратын сот отырысы өтіп жатыр. Жәбірленуші тараптың күдіктілерге қатысты күмәні бар.

«Екі күдікті бар. Кішкентай бойлы Азат Дүйсебеков оған бүкіл статьяны іліп тастаған. 4 статьяны. Бірақ біз онымен келіспейміз. Өйткені біздегі куәгерлердің барлығының айтуынша, менің баламды өлтірген ұзын бойлы жігіт», – дейді жәбірленуші Ақжанат Смағұлова.

Үш сағатқа созылған сот отырысында айыпталушылар мен жәбірленушілерден жауап алынды. Судья мен қорғаушыларға, мемлекеттік айыптаушыға күдікті Азат Дүйсебековтің берген жауабы істі күрделендіре түсті. Себебі ол тергеу кезіндегі сөзінен тайқып, оқиғаның қалай болғанын басқаша баяндады. Тіпті, ата-анасына тергеу кезінде қорлық көргенін де айтыпты.

«Әкесі свиданияға барды рұқсат қағаз алып. Балам жылап айтты “папа, мені өстіп қинады”, балама айттық: “неге мойныңа алдың” деп. “Мені қинады, барлық қиыншылықты көрсетті, пакет кигізіп … деген следователь”, сол басына пакет кигізіп, тырнағына ине кіргізіп…» – дейді айыпталушы А.Дүйсебековтің анасы Нұржамал Жылқыбаева.

Бостандықта жүрген екінші күдікті атыс болған жерге мылтықты әкелгенін, бірақ марқұмды атпағанын айтса, қамаудағы Азат Дүйсебеков қолыма мылтық ұстамадым дейді. Бірақ төбелесті ұйымдастырғанын мойындайды. Сот отырысының ерекшелігі процеске 12 адамнан құралған алқа билер қатысуда.

«Біреуі болмаса біреуінің жүрегі жібіп, мынау бейшара әке-шешенің жанайқайын естиік, шынымен мынау ғой өлтірген, мынау емес қой, мынау бекерге сотталып кетпесін деп айқайлайтын әділ адам шығып қалар деп, алқа билер болсын деп біз талап еттік», – дейді Ақжанат Смағұлова.

Арыстай азаматтарынан айырылған ата-ана ұлдарына мылтық атқан нағыз қылмыскердің жазаланғанын қалайды. Өз тағдырларының өзге де ата-аналардың басына түспеуін тілеген олар сот процесінің әділ өтуін талап етуде. Соттың жалғасы ертең болады.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтауда төрт жасар бүлдіршін дәрігерлердің салғырттығынан көз жұмды

Әйелін мектептің алдында соққыға жыққан азамат психиатрлардан көмек сұрады

Павлодарлық жігіт полицейдің көлігінің үстіне шығып алып селфи жасады

Түркістандық азамат көңілдесінен бала туған әйелін кешірмек

Талқылау