Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында оқушы бір топ жігіт зорлағаннан кейін жүкті болып қалды

Алматы облысында 9- сынып оқушысы Айгерім көрші  ауылдың жігітімен танысып, бірнеше мәрте кездесуге де шығады. Мектеп оқушысына басында бәрі жақсы көрінген. Ойламаған жерден өзі жігітім деп жүрген азамат Айгерімді кешкі кездесуге шақырып, қарсылығына қарамастан зорлап тастайды.

қыззз

«Ол маған «Болған жайт туралы біреуге айтар болсаң өлтіремін» деп қорқытты. Оның үстіне өзім де жұрттың әңгімесіне қалудан қорықтым. Үш айдан кейін осы жағдай тағы қайталанды. Ол мені бір үйге алып барып, жылағаныма қарамастан төсектес болуға мәжбүрледі. Өзі зорлағаннан кейін шығып кетті, артынан тағы үш жігіт кіріп олар да мені зорлады»,-деп болған жайтты баяндап берді Айгерім.

Осы оқиғадан кейін қыз болған жайт жайлы ешкімге тіс жармай жүрген. Мектептегі тексеру кезінде  аяғы ауыр екенін дәрігерлерден естіген.

Қыздың ата-анасы ауылдастар мен туыстарының алдында қарабет атанудан қорқып, болашақ анадан түбегейлі бас тартқан.

«Мен өз-өзіме қол салмақшы да болдым. Қиын жағдайда жүргенімді көрген бір танысым Алматыда осындай «Аналар үйі» бар екенін айтты»,-дейді 14 жастағы қыз.

Айгерім енді баласын осы жерде дүниеге әкелуге бекініп отыр. Мұнда оған  жатын жай мен ішер ас қана  беріліп  қоймай  психологтардың қолдауына да жүгіне алады.

Талқылау