Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мұғалімдер ескерткіш құрылысына ақша жинаған. Оларға ақшасы қайтарылатын болды

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов Алматы облысында мұғалімдерден ақша жиналып жатқанына қатысты пікір білдірді. Айтуынша, мұғалімдерден ақша жинауға ешкімнің құқығы жоқ.

Алматы облысында мұғалімдер ескерткіш құрылысына ақша жинаған. Оларға ақшасы қайтарылатын болды

Бұл туралы Алматы арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Алматы облысындағы мұғалімдерден ақша жиналғаны туралы фактіні тексерді.

Бұған дейін хабарланғандай, мұғалімдер Өтеген Батырға арналған ескерткіштің құрылысы үшін қоғамдық қордың есепшотына бір күндік жалақысын аударған.

Нәтижесінде мұғалімдерге ақшасы қайтарылды.

«Біз бұл фактіні болмады немесе шындыққа жанаспайды деп айтуымызға болар еді. Алайда болар іс болды. Бастысы, ақшаны жинаған мектеп емес. Бұл топтық бастама болған. Бірақ мұғалімдер наразылық танытты. Тиісінше, біз ешкімнің заң бұзуға құқығы жоқ екенін және әлдекімнің қайырымдылық жасағысы келсе, оған адамдардың өз еркімен келісуі керек екенін тағы да айтамыз», – дейді білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов.

Оқи отырыңыз:

Құлаған кран мен сынған терезе: Астанадағы дауыл Петропавлға жетті

СҚО-да полиция сержанты бүтін бір отбасын өртеніп жатқан үйден алып шықты

Қазақстандағы ең бай бизнесмендердің бірі Еркін Әмірханов қамауға алынды

Талдықорғанда 11-сынып оқушысы орамал таққаны үшін ҰБТ-ға кіре алмайтынын айтып жылады

Талқылау